Ақтөбе облысының әкімдігінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары ​ талқыланды

Ақтөбе облысының әкімдігінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары ​ талқыланды
Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері талқыланды.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес, биыл 631 қазандықты, 273,9 шақырым жылу желілерін, 89,2 шақырым су-кәріз желілерін, 82,4 шақырым электр желілерін, 1​ 659 әлеуметтік нысандарды және 2​ 519 көппәтерлі тұрғын үйлерді ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге жоспарланған. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың айтуынша, бүгінде жұмыстар 76% - ға орындалған.
Бюджеттік ұйымдар мен әлеуметтік нысандар үшін көмір мен дизель отынын дайындау жұмыстары басталды. Алдағы жылыту маусымында халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 25 000 тонна көмір қажет. Көмірді жеткізу жұмыстары осы жылдың шілде айынан басталды.
Облыс әкімі Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне қажетті көмір көлемін алдын ала дайындау мақсатында халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы уәкілетті мемлекеттік органдарға әлеуметтік нысандарды, әсіресе мектептерді жөндеу жұмыстарын уақытылы және сапалы аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.
"Аудан әкімдеріне жөнделіп жатқан нысандарды өздері барып, тексеруді тапсырамын", - деді О.Оразалин.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі