Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Сәрсенбі,​ 18 мамыр​ күні Ақтөбе​ облысының әкімі Оңдасын Оразалин​ "АMANAT" партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында кезекті рет өңір тұрғындарын қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
​ Ақтөбеліктер өңір басшысына кәсіпкерлікті қолдауға, кезекте тұрғандарға баспана, шағын және орта кәсіпкерлік нысанын салуға жер телімін​ беруге​ ​ қатысты және т.б.​ сұрақтары бойынша жүгінді.​
Азаматтардың барлық бағыттағы сұрақтарын мұқият тыңдап шыққан Оңдасын Оразалин тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына мәселені​ заң аясында шешуді​ тапсырды.​

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі