«Еңбек Жолы» байқауы

«Еңбек Жолы» байқауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлтық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы және жергілікті атқарушы органдар «Еңбек жолы» конкурсынын өткізу бойынша  іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2022 жылы өткізуін хабарлайды.

«Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурсты өткізу мақсаттары:

1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;

5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

    Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.

    Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

    Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

1) Үздік еңбек әулеті.

Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;

2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.

Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

3) Өндірістің үздік жас маманы.

Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке куәліктің көшірмесін;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті  (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

 

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және

т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);

6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері

біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

         Конкурсты өткізу мерзімдері:

    сәуірінен бастап 1 шілдеге дейінгі мерзімде өңірлік деңгейде үміткерлерден материалдар мен өтінімдерді қабылдау;

    1 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек Жолы» республикалық байқауының облыстық комиссиямен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау;

    1 қыркүйекке дейінгі мерзімде өнірлік еңбек форумдарында женімпаздарды марапаттау;

    10 тамызға дейін «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінен жеңімпаздардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ұсыну;

    1-20 қыркүйек мерзіміне республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» республикалық байқау деңгеінің жеңімпаздарын анықтау;

    қазан айына «Еңбек жолы» конкурсының женімпаздардын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында марапаттау.

        Осыған сәйкес, республикалық «Еңбек Жолы» конкурсына  белсенді ат салысуларыңызды сұраймыз.

         Нақты   ақпарат   пен    кеңесті  Ақтөбе қаласы, Маресьев  көшесі,  101 үйдеорналасқан   Ақтөбе  облысының  жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар   басқармасының   305  кабинетінде,  тел.: 98-10-13,  басқарманың веб-сайты: www.aktobe.gov.kz.