Ырғыз ауданының әкімі тағайындалды

Ырғыз ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ырғыз аудандық мәслихатының келісімімен, облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ырғыз ауданының әкімі лауазымына Нұрлан Қасымханұлы Қызбергеновті тағайындады.      
Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы 1968 жылы Ырғыз ауданында дүниеге келген.
1995 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Ырғыз аудандық қаржы бөлімінің аға экономисті болып бастаған.
1990-2007 жылдары Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, Мемлекеттік төлем орталығының Ырғыз аудандық бөлімшесінің бас маманы, бөлімше бастығы болып жасаған.
2007-2021 жылдары Ырғыз ауылдық округінің әкімі, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі