Ақтөбеде жылыту маусымы штаттық тәртіпте өтуде

Ақтөбеде жылыту маусымы штаттық тәртіпте өтуде

24 қаңтар, дүйсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин "Aqtobe su-energy group" АҚ-ның авариялық-диспетчерлік пунктінде болып, ағымдағы жылыту  кезеңінің барысымен танысты.
Кәсіпорын басшысы Ержан Жексембинов сыртқы ауаның орташа тәуліктегі температурасы 16 градус цельсий екенін атап өтті.
"Aqtobe su-energy group" АҚ қызмет көрсететін 25 қазандық штаттық тәртіпте жұмыс жасап, Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, ұйымдар мен кәсіпорындарды жылумен және ыстық сумен қамтамамыз етіп отыр.
Өңір басшысының сұрақтарына жауап берген Ержан Жексембинов жылу қазіргі таңда Әуе қалашығына, Нұр Ақтөбеге нормативтерге сәйкес беріліп жатыр деп сендірді.
Оңдасын Оразалин: "Жылыту маусымын аман-есен аяқтау керек. Әлі кемінде екі ай бар, және сол екі ай бойы халық қызметті тиісті сапада алу керек. Барлық кемшілікті тезірек жойыңыздар. Даму келешегіне де көңіл бөліңіздер",- деп тапсырды.
Өңір басшысы жұмысшылардың еңбек шартына қызығушылық танытты.
"Мұндағы еңбекақының қандай екенін білемін, бірақ ол халықтың тарифіне әсер етпеуі тиіс",- деп атап өтті О.Оразалин.
Сондай-ақ, облыс әкімі тұтынушылардың колл орталық пен "109" нөміріне түскен барлық шағымдарына жедел әрекет етудің маңызды екенін айтты.
"Ақтөбеліктер тұрғын үй - құрылысы тұрғысындағы, соның ішінде жылуға қатысты бүкіл сұрақтар бойынша бірден 109-ға хабарлассын деп ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл тұрғындар мен коммуналдық қызметтер арасындағы жедел байланыс арнасы. 109-ға хабарласса уақытын үнемдеп, оқиғаға барынша тез әрекет етуге мүмкіндік алады",- дейді облыс әкімі.

 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі