Ақтөбе облысында тоғыз айдың ішінде 625 мың шаршы метрдей баспана салынды

Ақтөбе облысында тоғыз айдың ішінде 625 мың шаршы метрдей баспана салынды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өңірдің биылғы қаңтар-қыркүйек айларының аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қаралды. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева баяндама жасады.
«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, өнеркәсіп өсімі - 104,8%, өндірілген өнім көлемі - 1,5 триллиона теңге”»,- деді Г.Сүйінтаева.
Құрылыс секторы103,4 % болып, тұрақты әрі жоғары қарқынды өсім қамтамасыз етілген, соның ішінде 624,8 м2 (112%) баспана пайдалануға берілді. Негізгі капиталға түсетін инвестиция көлемі 130,5% немесе 557,6 миллиард теңге.
Оңдасын Оразалин сондай-ақ, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне экономиканың барлық салаларына инвестиция тартуға ерекше назар аударуды тапсырды.
«Жыл қорытындысы бойынша экономика өсімі кемінде 104,1 %-ды құрау керек. Осы мақсатқа қол жеткізу – біздің ортақ міндетіміз»,- деді Оңдасын Оразалин.
Бұдан өзге, өңір басшысы эпидемиологиялық жағдайды, COVID-19-ға қарсы екпе алу барысын бақылауда ұстауды және осы ауру көбейген жағдайда үнемі дайын болуды тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі