Оңдасын Оразалин халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етті

Оңдасын Оразалин халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына  бағалы сыйлықтар табыс етті

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі ел тарихында тұңғыш рет 1996 жылдан бері өткізіліп келе жатқан география пәні бойынша халықаралық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды.
Ақтөбелік оқушы 46 мемлекеттен қатысқан 200 баланың арасынан үздік атанды. Олимпиада Стамбұлда ұйымдастырылған, алайда, эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн түрде өтті.
«Білім – инновациялық» лицейінің 11 сынып оқушысы Ернар Батыржанов 18-23 шілде аралығында Португалияның Лиссабон қаласында онлайн форматында өткен халықаралық биология олимпиадасында (IBO) жақсы нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Олимпиадаға 70 елден барлығы 300 оқушы қатысқан.
Кездесу барысында білім саласын дамыту, дарынды балалармен жұмыс істеу, оқушыларды пәндік олимпиадаларға даярлау сияқты өзекті сұрақтар талқыланды.
Облыс әкімі балаларға оқуда алдағы уақытта да табыстар мен ел игілігі үшін жемісті қызметтер тіледі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі