Ақтөбе облысының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтері әкімдерінің жоспарланған сайлауы туралы Х А Б А Р

Ақтөбе облысының аудандық маңызы бар қала,  ауылдық округтері әкімдерінің жоспарланған сайлауы туралы Х А Б А Р

2021 жылдың шілде айында ауылдық округ әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды:

Әйтеке би ауданы

Ақтасты ауылдық округі (2021 жылғы 26 шілде);

 

 

2021 жылдың қыркүйек – желтоқсан айларында аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерінің заңмен белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталады:

 

Шалқар ауданы

Бершүгір ауылдық округі (2021 жылғы 05 қыркүйек);

 

Ырғыз ауданы

Құмтоғай ауылдық округі (2021 жылғы 10 қараша);

 

Мұғалжар ауданы

Жем қаласы (2021 жылғы 07 желтоқсан);

 

Хромтау ауданы

Абай ауылдық округі (2021 жылғы 09 желтоқсан);

 

Қарғалы ауданы

Желтау ауылдық округі (2021 жылғы 22 желтоқсан).

 

Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы аудандық сайлау комиссияларының шешімдері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес қабылданады және тиісті сайлау комиссияларының интернет-беттерінде, аудандық баспа БАҚ-та орналастырылады.