Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің бұйрығымен Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына Әнуарбек Бермағамбетов тағайындалды.
Әнуарбек Серғалиұлы Бермағамбетов 2003 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін «Құқықтану», 2008 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Экономика бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Ақтөбе облысы орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасының бас маманы болып бастады.
2008 – 2012 жылдары аралығында Ақтөбе облысы орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарды.
2012 жылдың қаңтар айынан бері осы уақытқа дейiн Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі