Ақтөбе облысы бойынша ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабар

Ақтөбе облысы бойынша ауылдық округтердің әкіміне  кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы  хабар

Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, бүгін жергілікті уақытпен сағат 18.00-де облысымызда ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Сайлау науқаны басталғаннан бері 115 адам ұсынылды,                     7 кандидат сәйкестік рәсімінен өтпей қалды, 1 кандидат жеке өтініші бойынша кандидатурасын алып тастады.

Ағымдағы жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша,                    107 кандидат тіркелді, оның ішінде 65 адам (61%) - 6 саяси партияның өкілдері, 42 адам (39%) өзін-өзі ұсынушылар.

«Nur Otan» партиясынан - 28, «Ауыл» партиясынан - 16,                     «Ақ жол» партиясынан  - 9,  «АDAL партиясынан  - 5, Қазақстан Халық партиясынан – 5, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 2 кандидат тіркелді.

Бір округке орташа бәсекелестік 3 адамнан.

Тіркелген 107 кандидаттың 17-і немесе (16%) – әйелдер.

Кандидаттардың орташа жасы 40, ең жасы 27 - де, жасы үлкені 62-де.

 

Бүгін жергілікті уақытпен сағат 18.00-ден кейін ауылдық округ әкіміне кандидаттар сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.