Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 10 06 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 10 06 21

2021 жылғы 9-маусымда бір тәулікте КВИ-мен ауырған 30 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 25 (Ақтөбе қаласы – 16, Алға ауданы – 2, Ырғыз ауданы - 1, Қобда ауданы – 1, Темір ауданы – 3, Хромтау ауданы – 1, Шалқар ауданы - 1), симптомсыз – 5 (Ақтөбе – 1, Алға ауданы – 1, Темір ауданы – 1, Хромтау ауданы – 2). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.  Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 11454 жағдай тіркелді, оның ішінде 64,8%-ы ауру белгілерімен (7422) және 35,2%-ы симптомсыз (4032) жағдай. 10861 (94,8%) науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында – 8443 жағдай, оның ішінде (2514 симптомсыз), Әйтеке би – 62 (21), Алға – 479 (228), Байғанин – 111 (70), Ырғыз – 78 (51),  Қобда 158 (49), Қарғалы – 153 (79), Мәртөк – 328 (117), Мұғалжар – 446 (279), Темір – 388 (246), Ойыл – 195 (69), Хромтау – 406 (174), Шалқар ауданы – 207 (112).  Жалпы  тіркелген  11454 науқастың 1,7% (198/0) сырттан әкелінген, 17,0% (1949/1) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,2% (9307/29) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 23,9% (2217/2) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. ​​         Қазіргі таңда үй карантиніне 2332 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.