Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 11 05 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 11 05 21

2021 жылғы 10-мамырда бір тәулікте КВИ-мен ауырған 24 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 20 (Ақтөбе қаласы – 17, Алға ауданы – 2, Әйтеке би ауданы – 1), симптомсыз – 4 (Темір ауданы – 1, Алға ауданы – 1, Қарғалы ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 10001 жағдай тіркелді, оның ішінде 63,7%-ы ауру белгілерімен (6371) және 36,2%-ы симптомсыз (3630) жағдай. 8552 (85,5%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 7454 жағдай, оның ішінде (2290 симптомсыз), Әйтеке би – 48 (15), Алға – 389 (195), Байғанин – 98 (61), Ырғыз – 70 (45),  Қобда 125 (44), Қарғалы – 135 (74), Мәртөк – 265 (104), Мұғалжар – 387 (257), Темір – 341 (224), Ойыл – 194 (68), Хромтау – 303 (131), Шалқар ауданы – 192 (101). Жалпы  тіркелген  10001 науқастың 1,9% (195/0) сырттан әкелінген, 17,5% (1758/1) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,4% (8048/23) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 23,8% (1920/4) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. Қазіргі таңда үй карантиніне 3860 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.