Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежайға Әлия Молдағұлованың есімі берілді

Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежайға Әлия Молдағұлованың есімі берілді
6 мамыр, бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбедегі халықаралық әуежайға Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың есімін беруге арналған шараға қатысты. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп жүрген танымал қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар болды.
"Әлия Молдағұлова - күллі қазақ елінің мақтанышы. Біздің аты аңызға айналған жерлесіміздің өмірі мен ерлігі - бізге, өскелең ұрпаққа лайықты үлгі. Біз де сол сияқты туған жерімізді жақсы көріп, қорғауымыз керек. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ақтөбе халықаралық әуежайына Кеңес Одағы батырының есімі берілді.
Сіздерді облысымыздың өміріндегі қуанышты оқиғамен құттықтаймын",- деді Оңдасын Оразалин.
Әуежай ғимаратында Әлия Молдағұлованың биіктігі 247 см болатын
мүсіні ашылды. Мүсін авторы ақтөбелік танымал мүсінші Жеңіс Жұбанқосов. 
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі