Ақтөбеде партиялық жобалар тиімді жүзеге асуда

Ақтөбеде партиялық жобалар тиімді жүзеге асуда
Сәрсенбі, 5 мамыр күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезекті ХХХІ есеп-беру сайлау конференциясы өтті.
Іс-шарада партияның облыстық филиалының және Бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары тыңдалып, алдағы кезеңге арналған міндеттері айтылды.
Конференцияны ашып жүргізген аймақ басшысы Оңдасын Оразалин партияның Жарғысына сәйкес облыстық филиалының сайланбалы органдары, Саяси кеңесінің, Саяси кеңес Бюросының және Бақылау-тексеру комиссиясының өкілеттігінің мерзімі аяқталғанын атап өтті. Екі жыл ішінде орасан жұмыстар атқарылып, көптеген жетістіктер мен нәтижелерге қол жеткізілген.   
«Nur Otan» – нақты істер мен игі бастамалардың партиясы. Осы уақытқа дейін еліміздің көптеген тұрғындары бас партияның қолдауын сезініп келеді. Партия қоғамдық қабылдаулар арқылы облыс тұрғындарының өзекті мәселелерін назардан тыс қалдырмай, нақты көмектер көрсетуде. Біздің басты міндетіміз – партиямыздың беделін көтеріп, ел азаматтарымен үнемі кері байланыс орнатып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бақылау», - деді облыс әкімі. 
Атап өтейік, 2019-2020 жылдары облыстағы партияның қоғамдық қабылдауларына 18 мыңнан астам азамат жүгінген. Екі жылда оң шешілген мәселелердің үлесі 63 пайыз болса, ағымдағы жылдың 3 айында 65 пайызды құрады. Мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік органдардың басшыларымен, филиал төрағаларымен, заңгерлермен және медиаторлармен 3 мыңнан астам қабылдау өткізіліп, 13 мыңнан астам адам қабылданған.
Есепті кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылаған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов партиялық жобаларға кеңірек тоқталды. Партия тарапынан ардагерлер, мүгедектер, жастар, балалар, аналар және бизнес проблемаларын жүйелі шешуге бағытталған  5 партиялық жоба бойынша тиімді жұмыс жүргізілуде. Облысымызда сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін партия жанынан 12 өңірлік Қоғамдық кеңестер құрылған. 
Конференция соңында партияның облыстық филиалының Саяси кеңесі мен Бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.
 
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі