Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша облыстық ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша облыстық ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша облыстық ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында 2021 жылдың төрт айы ішіндегі қылмыс жағдайы, құқықбұзушылықты жою , соның ішінде  алаяқтық бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Жиын облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, полиция департаментінің, облыстық прокуратураның, басқармалардың басшылары,  аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.
"Былтыр өңірде қылмыс деңгейінің төмендегені байқалды, шектеу шаралары әсер еткен болу керек. Осы жыл басталғалы қылмыс санының өскенін көріп отырмыз. Бұған қандай себеп әсер еткенін түсініп, әрі қарай өсіп кетуіне жол бермеу үшін алдын алу шараларын қабылдауымыз қажет",- деп атап өтті отырысты ашқан өңір басшысы.
Полиция департаменті басшысының орынбасары Мұрат Сейталин облыстағы қылмыстық жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі туралы баяндады.
Биылғы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтың 4,5% өскені тіркелді, бұл ретте ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы өткен жылмен салыстырғанда 60,9%-дан 66,8%-ға айтарлықтай жақсарған.
Алаяқтықтың өскені алаңдатып отыр. Аталмыш қылмыс саны екі есе өсіп, қылмыстың ашылуы 80%-ды құрайды. 711 деректің 423-і - интернет алаяқтық.
"Интернет кеңістікке мониторинг жасау нәтижесінде 202 сайт бұғатталса, олардың денін азаматтардың келісімінсіз шағын несиелеу ұйымдары арқылы
рәсімделген онлайн несиелер құрайды. (әрбір төртінші дерек). Жыл басталғалы 21 қылмыс жасаған үш интернет алаяқтың беті ашылды. 303 қылмыстық іс өндірісте",- деді баяндамашы.
Жол-көлік оқиғаларының 22,3% азайғанына қарамастан жол қозғалысының қауіпсіздік жағдайы едәуір алаңдатып отыр. Осыған байланысты жол желілерін цифрлық технологиялармен жарықтандыру қажеттілігі жоғары болып қала береді.
Ақтөбеде жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтайтын автоматты түрде тіркеу жүйесінің 157 камерасы орнатылды, бірақ түрлі себептерге байланысты камералардың 61%-ы жұмыс жасамайды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктердің Ақтөбе қаласына кіруі мен шығуын бақылау мақсатында
"Рубеж" аппараттық-бағдарламалық кешендері сатып алынды. Бес жылдамдық өлшегішті пайдаланған төрт айдың ішінде 245 млн теңгеге 30 мыңнан астам жылдамдық тәртібінің бұзылғандығы анықталды.
Жол көлік оқиғасын талдау нәтижесінде облыс орталығында 452 камера орнату ұсынылып отырған 79 анағұрлым проблемалық жерлер, сонымен қатар, аудан орталықтарына кіретін/шығатын 33 учаске анықталды.
"Қылмыс деңгейінің негізгі өсімі алаяқтық жағдайының көбеюіне  байланысты. Жағдайды мұқият талдап, кемшіліктепді жойып, осындай деректерге жол бермеудің тиімді шараларын қабылдау керек. Ең алдымен тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту қажет. Алаяқтар облыс тұрғындарының жеке деректерін біледі, сондықтан екінші деңгейдегі банктер банк құпиясын сақтау шараларын күшейтулері тиіс.
Біздер өз тарапымыздан халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол апатын азайтуға, жедел-іздестіру шараларының нәтижелілігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды қолдауға дайынбыз",- деді облыс әкімі.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша өңір басшысы бірқатар тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, алаяқтықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы әкімдігі мен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жұмыс орындарын құру және көбейту бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылды. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті алдында пробация қызметінің жұмысын күшейту тұр.