Бұлбұл Елеусінова Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бұлбұл Елеусінова Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен аймақ басшысының өкімімен Бұлбұл Елеусінова облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Бұлбұл Елеусінова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген.
Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектепте мұғалім болып бастаған.
Әр жылдары Қобда ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Қобда ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы ішкі саясат бөлімінің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі, Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды.
 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі