Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 22 04 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 22 04 21

2021 жылғы 21-сәуірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 117 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 77 (Ақтөбе қаласы – 57, Алға ауданы – 3,  Әйтеке би ауданы – 1, Қобда ауданы – 5, Мұғалжар ауданы –2, Хромтау ауданы –3, Темір ауданы – 3, Байғанин ауданы – 1, Қарғалы ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 1), симптомсыз – 40 (Ақтөбе қаласы – 28, Әйтеке би ауданы – 1, Ырғыз ауданы – 1, Қобда ауданы – 1,Мәртөк ауданы – 3, Мұғалжар ауданы – 3, Хромтау ауданы – 2, Темір ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 1,5% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 8053 жағдай тіркелді, оның ішінде 61,3%-ы ауру белгілерімен (4942) және 38,6%-ы симптомсыз (3111) жағдай. 5881 (73%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 6042 жағдай, оның ішінде (2029 симптомсыз), Әйтеке би – 37 (12), Алға – 233 (121), Байғанин – 90 (54), Ырғыз – 59 (40),  Қобда 95 (37), Қарғалы – 91 (60), Мәртөк – 231 (102), Мұғалжар – 310 (203), Темір – 288 (196), Ойыл – 160 (40), Хромтау – 241 (107), Шалқар ауданы – 175 (93).

Жалпы  тіркелген  8053  науқастың 2,3% (186/3) сырттан әкелінген, 17,2% (1392/25) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,4% (6475/89) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 20,2% (1629/21) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. Қазіргі таңда үй карантиніне 5281  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.