Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 20 04 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 20 04 21

2021 жылғы 19-сәуірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 121 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 82 (Ақтөбе қаласы – 70, Алға ауданы – 4,  Байғанин ауданы – 1, Ырғыз ауданы – 1, Қобда ауданы – 3, Мәртөк ауданы –1, Хромтау ауданы –1, Шалқар ауданы – 1), симптомсыз – 39 (Ақтөбе қаласы – 33, Қарғалы ауданы – 1, Қобда ауданы – 1, Темір ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 2, Хромтау ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 1,6% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 7811 жағдай тіркелді, оның ішінде 61%-ы ауру белгілерімен (4766) және 38,9%-ы симптомсыз (3045) жағдай. 5646 (72,2%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 5853 жағдай, оның ішінде (1979 симптомсыз), Әйтеке би – 34 (11), Алға – 229 (121), Байғанин – 89 (54), Ырғыз – 58 (39),  Қобда 83 (35), Қарғалы – 90 (60), Мәртөк – 225 (97), Мұғалжар – 302 (200), Темір – 279 (195), Ойыл – 160 (40), Хромтау – 234 (104), Шалқар ауданы – 175 (93).

Жалпы  тіркелген  7811  науқастың 2,3% (181/1) сырттан әкелінген, 17,3% (1358/49) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,2% (6272/71) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 25,6% (1608/15) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. Қазіргі таңда үй карантиніне 5204  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.