Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 19 04 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 19 04 21

2021 жылғы 18-сәуірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 206 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 146 (Ақтөбе қаласы – 133, Алға ауданы – 5,  Ырғыз ауданы – 1, Қарғалы ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 2, Мұғалжар ауданы – 3, Темір ауданы – 1), симптомсыз – 60 (Ақтөбе қаласы – 50, Алға ауданы – 2, Ойыл ауданы – 1, Ырғыз ауданы – 1, Қарғалы ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 3, Мұғалжар ауданы – 2). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 2,8% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 7690 жағдай тіркелді, оның ішінде 60,9%-ы ауру белгілерімен (4684) және 39%-ы симптомсыз (3006) жағдай. 5631 (73,2%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 5750 жағдай, оның ішінде (1946 симптомсыз), Әйтеке би – 34 (11), Алға – 225 (121), Байғанин – 88 (54), Ырғыз – 57 (39),  Қобда 79 (34), Қарғалы – 89 (59), Мәртөк – 224 (97), Мұғалжар – 300 (198), Темір – 278 (194), Ойыл – 160 (40), Хромтау – 232 (103), Шалқар ауданы – 174 (93).

Жалпы  тіркелген  7690  науқастың 2,3% (180/3) сырттан әкелінген, 17% (1309/34) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,6% (6201/169) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 25,6% (1593/38) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 4982  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.