Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 16 04 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 16 04 21

2021 жылғы 15-сәуірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 120 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 72 (Ақтөбе қаласы – 55, Алға ауданы – 3,  Ырғыз ауданы – 1, Ойыл ауданы – 2, Хромтау ауданы – 5, Мұғалжар ауданы – 2, Қобда ауданы – 1, Темір ауданы – 3), симптомсыз – 48 (Ақтөбе қаласы – 19, Шалқар ауданы – 1, Хромтау ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 5, Қобда ауданы – 1, Қарғалы ауданы – 6, Байғнин ауданы – 6, Алға ауданы – 3, Ойыл ауданы – 5, Темір ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 1,7% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 7123 жағдай тіркелді, оның ішінде 60,2%-ы ауру белгілерімен (4294) және 39,7%-ы симптомсыз (2829) жағдай. 5382 (75,5%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 5322 жағдай, оның ішінде (1823 симптомсыз), Әйтеке би – 34 (11), Алға – 194 (111), Байғанин – 80 (48), Ырғыз – 55 (38),  Қобда 57 (22), Қарғалы – 86 (58), Мәртөк – 216 (94), Мұғалжар – 277 (190), Темір – 255 (185), Ойыл – 157 (39), Хромтау – 222 (101), Шалқар ауданы – 168 (92). Жалпы  тіркелген  7123  науқастың 2,4% (177/0) сырттан әкелінген, 16,8% (1198/23) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,6% (5748/97) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 26% (1495/34) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 4419  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.