Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 15 04 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 15 04 21

2021 жылғы 14-сәуірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 109 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 90 (Ақтөбе қаласы – 84, Шалқар ауданы – 1, Ойыл ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 2, Қобда ауданы – 1, Әйтеке би ауданы – 1), симптомсыз – 19 (Ақтөбе қаласы – 16, Шалқар ауданы – 1, Хромтау ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 1,6% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 7003 жағдай тіркелді, оның ішінде 60,2%-ы ауру белгілерімен (4222) және 39,7%-ы симптомсыз (2781) жағдай. 5277 (75,3%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 5248 жағдай, оның ішінде (1804 симптомсыз), Әйтеке би – 34 (11), Алға – 188 (108), Байғанин – 74 (42), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 55 (21), Қарғалы – 80 (52), Мәртөк – 216 (94), Мұғалжар – 270 (185), Темір – 251 (184), Ойыл – 150 (34), Хромтау – 216 (100), Шалқар ауданы – 167 (91).

Жалпы  тіркелген  7003  науқастың 2,5% (177/1) сырттан әкелінген, 16,7% (1175/17) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,6% (5651/91) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 25,8% (1461/10) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 4151  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.