Оңдасын Оразалин футбол алаңының ҚР чемпионатына дайындығын тексерді

Оңдасын Оразалин футбол алаңының ҚР чемпионатына дайындығын тексерді
13 сәуір, сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы спорттық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты. Өңір басшысы​ «Триатлон Паркті» қарап​ шықты.
Қалалықтардың алаңы 4,3 гектар болатын жаңа демалыс орны осы жылы ашылады деп күтіліп​ отыр. Қазіргі таңда мұнда аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімі жаяужол төсеу жұмыстарын аяқтап, субұрқақтарды​ 1 маусымға дейін қосуды​ тапсырды.​
Оңдасын Оразалин Сазды өзенінің арнасын​ қарап шығып, №8 ОБЖСМ​ «Ақтөбе» ФК-ның резервтегі алаңының дайындығын​, сонымен қатар, орталық стадионды​ ​ тексерді.
Стадион басшылғы алаң ҚР Чемпионатына толықтай дайын екенін жеткізді.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі