Оңдасын Оразалин Қарғалы ауданында болды

Оңдасын Оразалин Қарғалы ауданында болды
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.
Өңір басшысы барған Желтау ауылдық округінде 4355 адам тұрады, оның ішінде 2429 адам экономикалық жағынан белсенді, 476 зейнеткер, 29 жұмыссыз, 219 өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар.
Ауылдық округте он ТОО, елу шаруашылық жүргізіп отырған субъект, 55 жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнестің басқа да субъектілері бар.
Петропавлка ауылында Оңдасын Оразалин құрылысы биыл қаңтар айында аяқталған ауылдық округ әкімдігін қарап шықты. Алаңы 184,9 шаршы метр болатын ғимаратта ветеринария бөлімі, полиция бекеті жұмыс жасайды, "Ашық әкімдік" кеңсесі бар.
Облыс әкімі Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Бауыржан Балғабековпен бірге жобалық кеңсенің жұмысымен танысты. Кейін өңір басшысы 200 орындық ауыл клубын қарап шықты. Клуб ғимараты 1967 жылы пайдалануға беріліпті, өткен жылы клубты жөндеуге аудандық бюджеттен 13,9 млн. теңге бөлінген.
Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев ауданның 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы баяндады.
Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі
3,3 млрд теңгені құрады, ауыл шаруашылығы саласында 29,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Инвестиция көлемі
11,8 млрд теңгені құрады. 11531 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. 1158 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс жасайды, 709 жаңа жұмыс орны құрылды.
2020 жылы аудандағы шаруа қожалығы 1,3 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын жаңғыртып, 44 бірлік техника сатып алынды. Биыл осы мақсатқа 2 млрд теңге бөлінеді, 75 бірлік техника сатып алу жоспарланып отыр.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, "Еңбек" бағдарламасы бойынша 55 жоба жүзеге асырылып, осы жылы алпыс жоба қолдау табады. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының жобалар саны 7-ден 11-ге дейін, "Бизнестің жол картасы" бойынша 7-ден 10-ға дейін өседі.
2021 жылы ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, кәсіпкерлік және т.б. салалардағы бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Атап айтқанда "Пацаева" шаруа қожалығы 600 бас ірі қара малға арналған сүт-тауарлы ферма ашуды жоспарлап отыр. Жоба құны 1 млрд теңге. "ИнтерАгро" ЖШС 140 млн теңгеге 250 бас асыл тұқымды бас сатып алуға ниетті.
"Ауыл ел бесiгi" бағдарламасы аясында Петропавлка ауылында үш екі пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған, Бадамша ауылында бес қабатты 60 пәтерлі үй, екі қабатты 8 пәтерлі үй, сонымен қатар, өнер мектебі тұрғызылады.
Сондай-ақ, 36 шақырым болатын Ащылы сай мен Әлімбет ауылдарын газдандыру жобасы жүзеге асырылады. Ауданның елді мекендеріндегі 12 көшесі орташа жөндеуден өтеді. Ауыл тұрғыны Пётр Лясота өңір басшысынан дәрігерлік амбулатория мен спорт нысанын салу үшін қолдау көрсетуін сұрады.
Оңдасын Оразалин: "Ауыл халқы көбейіп жатыр, біздің міндетіміз - ауылды инженерлік коммуникациялармен, ұялы байланыспен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Биыл амбулатория мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Біз тұрғындардың барлық ұсыныстарын қарап, оларды қолдауға дайынбыз",- деп атап өтті.
Кейін облыс әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысымен бірге ауыл клубының кітапханасында ашылған "Парасат жолы" орталығын қарап шықты.
Аталмыш жоба қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, халықтың әдеби, мәдени және шығармашылық құндылықтарды пайдалана отыра парасаттылық пен адалдық қағидаларын ілгерілетуге бағытталған.
Сондай-ақ, өңір басшысы "Актеп" ЖШС-нің көкөніс қоймасымен танысты. Қуаттылығы 5 мың тонна болатын картоп қоймасы 2018 жылы пайдалануға берілген. Жоба құны - 519,5 млн.теңге. Шаруашылықтың жалпы аумағы 640 гектар, соның ішінде биыл 100 гектар жерге картоп егіледі. Бұдан бұрын ЖШС "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алып, 295 млн теңгеге су мен электр жүйелері тартылған. Отыз адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы көктемгі далалық жұмыстарға дайындық туралы баяндады. Оның сөзінше, өңірде егіс алқаптарының құрылымын диверсификациялау шаралары қабылданып жатыр. Негізгі егін шаруашылығымен айналысатын аудандар қатарына Әйтеке би (27,7%), Қарғалы (20,3%), Мәртөк (16,2 %), Хромтау (14%) аудандары жатады. Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге 5153 тонна жоғары сұрыпты тұқымдар дайындалды.
Ауылшаруашылығы техникасы 97% дайын. Бір литрі 154 теңге тұратын 7 450 тонна дизель отыны бөлінді, бұл Қазақстан бойынша ең арзан баға. Ауылшаруашылығы техникасын жаңартуға қосымша 731 млн теңге бөлінбек.
Оңдасын Оразалин барған Қосестек ауылдық округінде 1605 адам тұрады, соның ішінде 867 адам экономикалық жағынан белсенді жаста, 345 зейнеткер, 49-ы өзін өзі жұмыспен қамтып отыр. Үш ЖШС мен 36 шаруа қожалығы жұмыс жасап тұр.
Мұнда облыс әкімі "Айшуақ" шаруа қожалығында болды. 2019 жылы
шаруа қожалығына "Сыбаға" бағдарламасымен 800 бас ұсақ мал сатып алынған. Бұдан өзге, қожалық 400 жылқы ұстайды. 11 бірлік техникасы бар.
Өткен жылдың аяғында кәсіпкер Ақтөбе - Орск тас жолында 50 орындық кемпинг салған. Аумағы 1 гектар жылыжайда көкөніс өсіріледі. Былтыр "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы бойынша жылыжайдың шатырын жөндеуге 5 млн теңге грант алған.
Облыс әкімі: "Мемлекет қаражатын дұрыс пайдаланып, органикалық тамақтар өсірумен айналысатын қожалықтарды қолдау керек. Экологиялық таза тағамдарды өсіріп, өндіретін мұндай жылыжайларды барлық аудандарда ашу керек. Біз өз тарапымыздан осындай маңызды жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз",- деп тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі