Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 07 04 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 07 04 21

06.04.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 121 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 93 (Ақтөбе қаласы – 77, Әйтеке би ауданы – 1, Алға ауданы – 3, Байғанин ауданы – 3, Қобда ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 1, Темір ауданы – 2, Хромтау ауданы – 1, Шалқар ауданы – 1, Қарғалы ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 2), симптомсыз – 28 (Ақтөбе қаласы – 19, Алға ауданы – 2, Қобда ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 1, Темір ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 2, Шалқар ауданы – 1, Хромтау ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 2,1% құрайды. Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 6003 жағдай тіркелді, оның ішінде 57,8%-ы ауру белгілерімен (3473) және 42,1%-ы симптомсыз (2530) жағдай. 4756 (79,2%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 4419 жағдай, оның ішінде (1615 симптомсыз), Әйтеке би – 28 (8), Алға – 161 (101), Байғанин – 69 (39), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 36 (20), Қарғалы – 70 (45), Мәртөк – 201 (84), Мұғалжар – 246 (175), Темір – 232 (176), Ойыл – 140 (33), Хромтау – 192 (92), Шалқар ауданы – 155 (87). Жалпы  тіркелген  6003  науқастың 2,7% (167/1) сырттан әкелінген, 16,1% (971/17) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81% (4865/103) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 27,5% (1342/18) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. Қазіргі таңда үй карантиніне 2910  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.