Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 06 04 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 06 04 21

05.04.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 153 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 111 (Ақтөбе қаласы – 101, Әйтеке би ауданы – 1, Алға ауданы – 1, Байғанин ауданы – 1, Қобда ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 3, Хромтау ауданы – 1, Шалқар ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 1), симптомсыз – 42 (Ақтөбе қаласы – 31, Алға ауданы – 3, Мәртөк ауданы – 1, Темір ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 4, Шалқар ауданы – 2). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 2,7% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 5882 жағдай тіркелді, оның ішінде 57,4%-ы ауру белгілерімен (3380) және 42,5%-ы симптомсыз (2502) жағдай. 4735 (80,4%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 4323 жағдай, оның ішінде (1596 симптомсыз), Әйтеке би – 27 (8), Алға – 156 (99), Байғанин – 66 (39), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 34 (19), Қарғалы – 69 (45), Мәртөк – 198 (83), Мұғалжар – 243 (173), Темір – 229 (175), Ойыл – 140 (33), Хромтау – 190 (91), Шалқар ауданы – 153 (86).

Жалпы  тіркелген  5882  науқастың 2,8% (166/1) сырттан әкелінген, 16,2% (954/33) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,9% (4762/119) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 27,8% (1324/16) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 2336  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.