Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 03 03 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 03 03 21

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

02.03.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 12 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 6 (Ақтөбе қаласы – 4, Ойыл ауданы – 2),  симптомсыз –6 (Ақтөбе қаласы – 4, Хромтау ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4285 жағдай тіркелді, оның ішінде 51,1%-ы ауру белгілерімен (2193) және 48,8%-ы симптомсыз (2092) жағдай. 4026 (93,9%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 3053 жағдай, оның ішінде (1309 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 113 (83), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 165 (73), Мұғалжар – 210 (153), Темір – 203 (166), Ойыл – 39 (13), Хромтау – 155 (75), Шалқар ауданы – 133 (76).

Жалпы  тіркелген  4285  науқастың 3,4% (148) сырттан әкелінген, 16,2% (698) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,2% (3439) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,4% (1115) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 757  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.