Ақтөбе облысы​ Білім басқармасының басшысы болып​ Жолдас Батырхан тағайындалды

Ақтөбе облысы​ Білім басқармасының басшысы болып​ Жолдас Батырхан тағайындалды
Жолдас Батырхан Ақтөбе педагогикалық институтын, Қазақ-орыс халықаралық университетін тәмамдаған.​
Еңбек жолын 1998 жылы Темір ауданы Сарытоғай орта мектебінде​ бастады.
Әр түрлі жылдары Темір ауданы​ №6 Шұбарқұдық негізгі мектебінің​ директоры, Темір ауданы Тасқопа ауылдық округінің әкімі,​ Темір ауданы Шұбарши ауылдық округінің әкімі, Темір аудандық білім бөлімінің басшысы, Темір ауданы әкімі аппаратының инспекторы болып қызмет етті.
Сонымен қатар, Темір ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
Аталмыш қызметке тағайындалар алдында Темір ауданының әкімі болды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі