Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 02 03 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 02 03 21

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

01.03.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 5 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 4 (Ақтөбе қаласы – 1, Хромтау ауданы – 1),  симптомсыз –1 (Хромтау ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4273 жағдай тіркелді, оның ішінде 51,1%-ы ауру белгілерімен (2187) және 48,8%-ы симптомсыз (2086) жағдай. 4026 (94,2%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 3045 жағдай, оның ішінде (1305 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 113 (83), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 164 (72), Мұғалжар – 210 (153), Темір – 203 (166), Ойыл – 37 (13), Хромтау – 154 (74), Шалқар ауданы – 133 (76).

Жалпы  тіркелген  4273  науқастың 3,4% (148) сырттан әкелінген, 16,2% (695) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,2% (3430) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,4% (1113) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 750  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.