Мәртөк ауданы әкімі болып Алмас Салықбаев тағайындалды

Мәртөк ауданы әкімі болып Алмас Салықбаев тағайындалды
ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен Мәртөк ауданы әкімі болып Алмас Салықбаев тағайындалды.
Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің, Қазақ-орыс халықаралық университетінің түлегі еңбек жолын 2007 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ Алматы қаласындағы филиалының несие офицері болып бастаған.
Кейін «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Мұғалжар аудандық бөлімшесінде менеджер, Мұғалжар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы және сектор меңгерушісі, ​ Мұғалжар аудандық статистика басқармасының жетекші маманы, Мұғалжар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау, кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болды.
Сонымен қатар Ақтөбе облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
Аталмыш лауазымға тағайындалға дейін Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болды.
 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі