Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды
ҚР Президенті​ әкімшілігінің​ келісімімен, өңір басшысының өкімімен​ облыс​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды.
Ермек Кенжеханұлы «Болашақ» халықаралық стипендиясы» бағдарламасы аясында Ұлыбританияның​ Рединг университетін «ауыл шаруашылығы саласындағы экономист», Кореяның Аджу университетін​ «экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша​ тәмамдаған.​
Еңбек жолын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып​ бастаған.
Әр түрлі жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің инвестициялық жобалар және​ қаржылық құралдар департаментінің инвестиция басқармасының басшысы болды,​ ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық​ және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық​ басқармасын, Ақтөбе облысы сыртқы байланыстар және туризм басқармасын,​ Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды.
2020 жылы Ермек Кенжеханұлы Президенттік жастар кадрлық резервіне кірді.
Аталмыш​ лауазымға тағайындалар алдында Мәртөк ауданының әкімі болды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі