ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ

2020 жылдың 29-ші маусымында Мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қол қойылған болатын, аталмыш кодекс 2021 жылдың 1-ші шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Кодекс күшіне енген сәттен бастап Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы күшін жояды.

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі - ӘРПК) қабылдау мақсаты:

- басқарушылық қызметте конституциялық құндылықтарды жүзеге асыру (мемлекеттік басқаруды конституцияландыру мақсаты);

- мемлекетпен қатынастарда азаматтардың жария құқықтарын іске асыру және қорғау (құқық қорғау мақсаттарын іске асыру құқығы);

- мемлекеттік әкімшіліктің тиімділігін арттыру (мемлекеттік басқарудың ұтымдылығының мақсаты);

- әкімшілік құқықты жүйелеу (кодификациялық мақсат).

Осы Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді.

Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар табылады.

Кодекс күшіне енген сәттен бастап азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау форматы толығымен өзгертіледі.

Азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін процедуралық мүмкіндіктері көбірек болады. Мемлекеттік органдар шешімдер қабылдау және әртүрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде осы құқықтар мен мүдделерді ескеруге міндетті болады.

Кодексте тыңдалу кепілдігі процедурасы енгізіледі. Бұл өзіне қатысты әкімшілік рәсім жүзеге асырылатын адамның түпкілікті шешім қабылданғанға дейін өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің ережелеріне қатысты туындаған мәселелер бойынша азаматтар келесі телефондар арқылы хабарласа алады:

Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі, тел.: 932054, 932053.

Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі, тел.: 932078