Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 23 02 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 23 02 21

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

2021 жылдың 22-ақпанында облыс бойынша COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ. Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,0% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4191 жағдай тіркелді, оның ішінде 50,8%-ы ауру белгілерімен (2132) және 49,2%-ы симптомсыз (2059) жағдай. 3962 (94,5%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 2986 жағдай, оның ішінде (1290 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 112 (83), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 163 (71), Мұғалжар – 209 (152), Темір – 199 (162), Ойыл – 28 (11), Хромтау – 149 (72), Шалқар ауданы – 131 (74).

Жалпы  тіркелген  4191  науқастың 3,5% (147) сырттан әкелінген, 16,1% (677) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,3% (3367) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,7% (1103) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 717  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.