Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 17 01 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 17 01 21

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

17.01.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 21 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар - 7 (Ақтөбе қаласы-4, Мәртөк ауданы-3), симптомсыз - 14 (Ақтөбе қ.-8, Мұғалжар  ауданы-6).  Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,6% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3819  жағдай тіркелді, оның ішінде 49,9%-ы ауру белгілерімен (1910) және 50%-ы симптомсыз (1909) жағдай. 3662 (96,2%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 2712 жағдай, оның ішінде (1191 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 103 (78), Байғанин – 58 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 15 (13), Қарғалы – 59 (37), Мәртөк – 146 (63), Мұғалжар – 189 (136), Темір – 197 (161), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 131(69), Шалқар ауданы – 113 (65).

Жалпы  тіркелген  3819  науқастың 3,5% (135) сырттан әкелінген, 14,9% (565) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,4% (3119) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 27,8% (1052) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 315  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

 

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.