Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
07.01.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 12 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар - 11(Ақтөбе қаласы-7, Мәртөк ауданы-4), симптомсыз - 1 (Ақтөбе қаласы). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,3% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3741 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,7%-ы ауру белгілерімен (1863) және 50,2%-ы симптомсыз (1878) жағдай. 3716 (99,3%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2663 жағдай, оның ішінде (1174 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 101 (78), Байғанин – 58 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 59 (37), Мәртөк – 138 (62), Мұғалжар – 178 (129), Темір – 191 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 130(69), Шалқар ауданы – 113 (65).
Жалпы тіркелген 3741 науқастың 3,6% (135) сырттан әкелінген, 14,8% (555) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,4% (3051) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 27,6% (1035) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 113 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.