Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 05 01 2021

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 05 01 2021

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

         05.01.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 10 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар - 5 (Ақтөбе қаласы-4, Мәртөк ауданы-1), симптомсыз - 5 (Қарғалы қаласы-2, Ақтөбе қаласы-3). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.

         Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3721  жағдай тіркелді, оның ішінде 49,6%-ы ауру белгілерімен (1846) және 50,3%-ы симптомсыз (1875) жағдай. 3684 (99,4%) науқас жазылып шықты. 

         Ақтөбе қаласында – 2647 жағдай, оның ішінде (1171 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 102 (78), Байғанин – 58 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 59 (37), Мәртөк – 133 (62), Мұғалжар – 177 (129), Темір – 191 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 130(70), Шалқар ауданы – 114 (65).

         Жалпы тіркелген 3721 науқастың 3,6% (135) сырттан әкелінген, 14,8% (554) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,6% (3032) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 27,8% (1033) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

         Қазіргі таңда үй карантиніне 175  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.