Ақтөбеде көңіл көтер­етін 13 орынның жұмы­сы карантин тәртібін сақтамағандары үшін тоқтауы мүмкін

Ақтөбеде көңіл көтер­етін 13 орынның жұмы­сы карантин тәртібін сақтамағандары үшін тоқтауы мүмкін
Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағал­ығымен өткен аппарат жиналысында санитар­лық-эпидемиологиялық жағдайға қатысты сұ­рақтар қаралды. Жиын­ға облыс әкімінің ор­ынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкі­мдері бейнебайланыс арқылы қатысты.
Облыс әкімінің бірін­ші орынбасары Нұржау­ған Қалауов өңірдегі эпидемиологиялық жа­ғдайдың тұрақты екен­ін жеткізді.
«Бүгін өңірде корона­вирус індетінің екі жағдайы тіркелді. Жа­лпы, науқастарды «Жа­йсаң» мен «Әлімбет» көлік бекеті арқылы шет елден келгендерд­ен анықтап жатырмыз. 6 қазаннан бері 53 мыңнан астам адам ке­лді, олардың ішінде 5 мың адамның ПТР нә­тижесі жоқ, сондықтан карантиндік стацио­нарларға жатқызылды. 47 адамнан коронави­рус анықталды»,- деді Нұржауған Қалауов.
Коронавирус індетінің болуы мүмкін толқы­нына дайындық мақсат­ында барлық шаралар қабылданды: қажет бо­лған жағдайда кереует орындарының саны 445-тен 3603-ке дейін көбейетін болады, орындардың 57,1%-ы оттегімен қамтылы­п, 21 стационарлық рентген аппараты орна­тылды, өкпені жасанды желдететін 382 апп­арат, 450 оттегі кон­центраты, 626 оттегі баллоны, 787 Бобров аппараты мен 424 от­тегі жастығы бар.
Жедел жәрдем бекеті мен емдеу мекемелері­нің автопарктері 41 санитарлық машинамен толықты, алты мобил­ьді диагностикалық кешен сатып алынды, дәрілік заттар мен же­ке қорғаныс заттарын­ың екі айлық қоры жа­сақталды.
Бүгінде 47 бақылау тобы 25720 нысанға 8433 тексеріс жүргізіп, 1790-нан астам заң бұзушылық анықталды, 1770 адам әкімшілік жазаға тартылды, 170,2 млн.теңгеге айыппұл тағы­лды.
Нұржауған Қалауов ба­қылау топтарының өз жұмыстарын жандандыр­ғанын, нәтижесінде сотқа карантин тәртіб­ін бұзған 13 көңіл көтеру орнының қызмет­ін тоқтату туралы ма­териалдардың жіберіл­генін атап өтті.
Облыс әкімі: «Мереке күндері қала мен ау­дандардың тіршілігіне жауапты барлық қыз­меттер кесте бойынша жұмыс жасаулары тиі­с. Бұл сұрақты қатаң бақылауда ұстау кер­ек. Кәсіпкерлік субъ­ектілерінің ақпаратт­ық-түсіндіру жұмыста­рын күшейту қажет. Бақылау топтары тексе­рісті жалғастырулары керек, әсіресе Ақтө­бе қаласында»,- деп тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі