«Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» атты «Елбасы Медалі» жобасы мен «Myń bala» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасының Ақтөбе облысы бойынша жеңімпаздары марапатталды

«Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» атты «Елбасы Медалі» жобасы мен «Myń bala»  Ұлттық Зияткерлік олимпиадасының  Ақтөбе облысы бойынша жеңімпаздары марапатталды
2020 жылдың 14 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев қоры Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» онлайн-жастар форумы өтті, еліміздің барлық аймақтарында Елбасының «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асырудың нәтижелеріне арналған мерекелік шаралар жалғасын тапты.
«Ел үміті» жобасының қорытындысы шығып, бағдарламаның қола деңгейіне жеткені үшін «Елбасы медальдары», халықаралық олимпиадалардағы жеңісі үшін «Ел мақтанышы» сыйлықтары табысталып, ауыл оқушылары арасындағы «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды.
Ақтөбе облысында өткен бұл салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы, Ақтөбе облысының әкім орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы, Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысы Уразбаева Лаззат Аманжолқызы, Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Сүлейменова Гүлназ Туралиевна, Елбасы академиясының “Білім-Инновация” Халықаралық Қоғамдық Қорының өкілі – Ақтөбе облысы бойынша "Медаль Елбасы" жобасының үйлестірушісі - Ашикбаев Нурлан Токтарович және «Елбасы Медалі» жобасы (10 оқушы) мен «Myń bala» (4 оқушы) Ұлттық Зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020 жылдағы ең ірі жобаларының бірі – «МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ. Ол тек қана ауыл оқушыларына арналған, қоғам тарапынан оң бағаға ие болған кең ауқымды жоба.
Ол жыл сайын ауылдық жерлердегі5және6-сынып оқушылары арасынан дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.Олимпиада 2 кезеңге бөлініп өткізілді – сырттай және тікелей.
Бірінші кезеңі 2020 жылдың 24 ақпанында сырттай өтті. Онда Ақтөбе облысы бойынша олимпиада ережесіне сәйкес 282 ауыл мектебінен 8098 оқушының 1 және 2-тоқсандар қорытындысы бойынша «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндерінен үлгерім нәтижелері негізінде 200 оқушы «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиаданың ІІ кезеңіне өтті.
​2020 жылдың 21 тамызында өткен олимпиаданың шешуші кезеңіне жолдама алған 200 оқушының 34 оқушы жеңімпаздары атанды.
​Ақтөбе облысының 2 оқушысы Кеңшілік Ерқанат, Әйтеке би ауданы Басқұдық ОМ және Алибек Али, Мәртөк ауданы Хазретовка ОМ республика бойынша 6 класс оқушылары арасынан Республика бойынша «ЕҢ ҮЗДІК 30 ОҚУШЫ»тізіміне енді.Олар қазіргі таңда аталған оқушылар Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатына қабылданды.
Сонымен қатар, 34 оқушының ішінен Мәртөк ауданы Хазретовка орта мектебінің оқушысы Әділ Қонай, Шалқар ауданы Б.Сүлейменов атындағы орта мектебінің оқушысы Өмірбек Бердібек Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатында және Хромтау ауданы Қопа орта мектебінің оқушысы Қуандықов Әділет М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында білімін жалғастыруда.
​Бұл олимпиаданың Ақтөбе облысы бойынша қатысушылары (138 оқушы)Елбасы Академиясының "Birge oqy" онлайн қашықтан оқыту мектебінде білім алуда.
Бүгінгі өткен шарада 34 жеңімпаздың ішінен ең үздік 4 жеңімпазға облыс әкімі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының тарапынан жіберілген сыйлық - ноутбуктерді табыстады.Қалған 30 балаға жергілікті аудан әкімдері табыс етеді. Әкім қолынан сыйлық алған оқушылар:
​1. Кеңшілік Ерқанат - Әйтеке би ауданы, Басқұдық орта мектебі, қазіргі таңда Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей интернатының 7 сынып оқушысы
​2. Әлібек Әлі - Мәртөк ауданы, Хазірет орта мектебі, қазіргі таңда Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстықтық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының 7 сынып оқушысы
​3. Аязбаева Аянат - Алға ауданы, Бестамақ орта мектебінің 6 сынып оқушысы
​4. Заколодняя Александра - Мәртөк ауданы, Родниковка орта мектебінің 6 сынып оқушысы
​“Елбасы академиясы” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдың шілде айынан бастап "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ” ЖОБАСЫөтуде. ​
"Елбасы Медалі” жобасы - өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне мүмкіндік береді.
«Елбасы» медалі» алдына мақсат қойған өршіл жастарды қолдау және ынталандыруға бағытталған. Байқауға қатысатындардың жасы 14 пен 29 аралығындағы жастар қатысуда. Қатысушылар 3 деңгейдің біреуін таңдайды.
Ереже бойынша Қола деңгей — Қатысушылардың жасы 14 жастан бастап, ұзақтығы 6 (алты) ай;Күміс деңгей — Қатысушылардың жасы 15 жастан бастап, ұзақтығы 12 (он екі) ай;Алтын деңгей — Қатысушылардың жасы 16 және одан жоғары, ұзақтығы 18 (он сегіз) ай.
​Әрбір қатысушы аталған уақыт бойы өзін-өзі дамыту үшін 7 бағытта спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесі бойынша тапсырмалар орындайды.
​ Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша 349 үміткер жұмыстануда. Оның ішінде алтын – 15, күміс -10, қола -324.
​ Бүгінгі шарада Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы ұзақтығы 6 айға созылған «Елбасы» медалі» жобасының күміс деңгейі бойынша Ақтөбе облысының жеңімпаздары ішінен 10 қатысушыға Нұрсұлтан Назарбаев Қорының тарапынан жіберілген 10 жеңімпазға қола медаль мен төсбелгілер табыстады. Олар:
​1.Тыныштықбай Бейбізейнеп - Мақсұт Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп - интернатының 11 сынып оқушысы
​2. Айдосова Арайлым - Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп - интернатының 9 сынып оқушысы
​3. Утеева Хабиба - Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы
​4. Қорғантаев Махамбет - Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің 11 сынып оқушысы
​5. Еркінәлі Айкөркем - Ырғыз ауданы, Қалыбай негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы
​6. Қалтамаева Нұрлы - Хромтау ауданы , Сатпаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы
​7. Әйіп Жұлдыз - Ақтөбе қаласы, №8 орта мектебінің 11 сынып оқушысы
​8. Көшетова Назерке - Шалқар ауданы, №5 мектеп - лицейінің 11 сынып оқушысы
​9. Жаксылыков Бауыржан - Мақсұт Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп - интернатының 10 сынып оқушысы
​10. Дәулеткелдиева Ақбота - Шалқар ауданы, Әліби Жангелдин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі