Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 04 12 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 04 12 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

03.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 9 жағдай тіркелді, оның 7-інің клиникалық симптомдары бар, ал 2-і симптомсыз ауру. Ақтөбе қаласында 7 жағдай (4-і - ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 3-і - жергілікті жағдайлар), Мәртөк ауданы мен Алға ауданында 1 жағдайдан (жергілікті жағдай). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3502 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1714) және 51%-ы симптомсыз (1788) жағдай. 3327 (95%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2489 жағдай, оның ішінде (1112 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 98 (77), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 90 (48), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 125(67), Шалқар ауданы – 113 (64).

Жалпы тіркелген 3502 науқастың 3,4% (119) сырттан әкелінген, 14,2% (499) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,3% (2884) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 33,1% (995) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 318 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.