Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 03 12 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 03 12 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

02.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 5 жағдай тіркелді, олардың барлығының да клиникалық симптомдары бар. Ақтөбе қаласында 3 жағдай(2 жергілікті жағдай,1 ауру адаммен қарым-қатынаста болған), Мәртөк ауданында 2 жағдай(жергілікті). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3493 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1707) және 51%-ы симптомсыз (1786) жағдай. 3325 (95,1%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2482 жағдай, оның ішінде (1110 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 97 (77), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 89 (48), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 125(67), Шалқар ауданы – 113 (64).

Жалпы тіркелген 3493 науқастың 3,4% (119) сырттан әкелінген, 14% (495) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,4% (2879) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,4% (994) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 238 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.