Темір ауданында ауыз су жүйесі жаңартылуды

Темір ауданында ауыз су жүйесі жаңартылуды

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы бағытта Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жоба 2026 жылғы 1 сәуірде басталып, облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Жұмыстар кенттің Теріскей, Аққұдық, Ж.Кереев және Вокзал алаңы аумақтарын қамтиды.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 16,6 шақырым су желісі тартылып, 160 текше метрлік су мұнарасы және 2000 текше метрлік су резервуары салынды.

Атап айтқанда: 

-Ø225 мм – 11,2 км;

-Ø110 мм – 2,8 км; 

-Ø32 мм – 2,5 км су желілері тартылды;  

-ауылішілік су желісіне 106 дана жаңа құдық орнатылды;

-2 су ұңғымасы қазылды;

-екінші су сорғы станциясында су резервуарына су жеткізетін темір құбырларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде;  

-1 дана сыртта орнатылатын жиынтық трансформаторлық қосалқы станция орнатылып, электр желілерін тарту жұмыстары толық аяқталды.

Қазіргі таңда нысанда сорғылық станцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жоба толық аяқталғаннан кейін жаңғыртылған су жүйесі Шұбарқұдық кенті тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты әрі сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл - Темір ауданындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытудағы маңызды жобалардың бірі. Жаңғыртылған су желілері тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, сапалы ауыз суға қолжетімділікті кеңейтуге және сумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Сапалы ауыз су - халықтың әл-ауқаты мен жайлы тұрмысының маңызды негізі.