«Ақтөбе-Қандыағыш» тас жолын жөндеу жұмыстары басталады

«Ақтөбе-Қандыағыш» тас жолын жөндеу жұмыстары басталады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «ҚазАвтоЖол ҰК» Басқарма Төрағасы Ұлан Алиповпен кездесті.

Жүздесу барысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағыш» тас жолын қайта құрылымдау жұмыстарына қатысты мәселелер талқыланды. 2021 жылы құны 62 млрд тг. Ақтөбе қаласынан Қандыағашқа дейінгі жолдың сапасын жақсарту жұмыстары басталмақ. Осыған орай басқарма төрағасы жолды салу барысында қажет болуы мүмкін мәселелер бойынша Оңдасын Оразалиннен көмек көрсетуді сұрады. Облыс әкімі маңызды шараны бірлесе атқаруда жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізе отырып, жұмысты мобилизациялау ұсынысын білдірді. Яғни, желтоқсан айында дайындық шараларын толық аяқтап, келесі жылы нақты іске кірісу қажет. Аймақ басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашовқа ұлттық компанияға әкімдік тарапынан көрсетілетін қолдауды сапалы ұйымдастыруды тапсырды. «Ақтөбе-Қандыағыш» жолын алдағы үш жылда толық аяқтау жоспарда. Жолдың 64,039 км қайта құрылымдаудан өткізу, 32,014 км жаңадан жол құрылысын жүргізу, екі жаңа көпірдің құрылысы және 9 көпірді қайта жөндеуден өткізу жұмыстары жасалатын болады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі