Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 02 12 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 02 12 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

2020 жылдың 1-желтоқсанында облыс бойынша COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ.

Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3488 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1702) және 51%-ы симптомсыз (1786) жағдай. 3324 (95,2%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2479 жағдай, оның ішінде (1110 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 97 (77), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 87 (48), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 125(67), Шалқар ауданы – 113 (64).

Жалпы тіркелген 3488 науқастың 3,3% (119) сырттан әкелінген, 14% (494) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,5% (2875) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,5% (994) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 227 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.