Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

 

Облыс әкімінің өкімі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы болып Асылхан Серxанұлы Әбтиев тағайындалды.

Асылхан Әбтиев 1978 жылы Мәртөк ауданында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 1999 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Мамыр» шаруа қожалығында агроном-есепші болып бастаған.

2001–2005 жылдары Ақтөбе облысының ішкі істер органдарында қызмет атқарды.

Кәсіби қызметінің елеулі бөлігі өңірдің аграрлық саласымен байланысты. 2005–2024 жылдары Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасында еңбек етіп, өсімдік шаруашылығы бөлімінің жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, сондай-ақ басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2024–2025 жылдар аралығында Асылхан Әбтиев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясын басқарды. Сонымен қатар Алматы қалалық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылғы желтоқсаннан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Асылхан Әбтиев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясында болды.