Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасында - жаңа басшы

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасында - жаңа басшы

 

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Алтынай Юнисқызы Юнисова Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Алтынай Юнисова – мемлекеттік басқару, мәдениет, тіл саясаты және қоғамдық-саяси бағыттарда көпжылдық тәжірибесі бар маман.

Ол 1977 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мәдени-тынығу жұмысы, көркемдік шығармашылықты ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Ақтөбе облыстық телерадиокомпаниясының дикторы ретінде бастаған. Кейін «Арна» ақпараттық бағдарламасының аға редакторы, Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы үйінің методисі қызметтерін атқарды.

1999-2008 жылдары Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінде діни ұйымдармен және жастармен жұмыс бағыттарында жетекші және бас маман болып еңбек етті.

2008-2010 жылдары ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінде қызмет етті.

2010-2012 жылдары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында қызмет атқарды.

2012-2017 жылдары Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында өнер және тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы болды.

2017-2020 жылдары Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды.

2020 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.