Ақтөбеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

 

26 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге Әйтеке би, Қарғалы және Мұғалжар аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады. Ет өнімдерін сатуға арнайы 1 қатардағы 11 сауда орны бөлінген.

Қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілердің ет және сүт өнімдері ұсынылады. Сонымен қатар жәрмеңке сөрелерінен «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген өнімдерді де сатып алуға болады.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуға мүмкіндік беру және қала тұрғындарын жергілікті өнімдермен қамту.