Алға ауданында 22 мың тоннадан астам астық жиналды

Алға ауданында 22 мың тоннадан астам астық жиналды

 

Алға ауданында 2026 жылғы егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде диқандар 13,8 мың гектардан астам дәнді дақылды жинап, 22 397,6 тонна астық бастырды.

Биыл ауданда ауыл шаруашылығы дақылдары 73 976,7 гектар алқапқа егілді. Оның ішінде 18 013 гектарды дәнді дақылдар, 5 695 гектарды майлы дақылдар, 49 573 гектарды мал азығы дақылдары құрайды. Сонымен қатар картоп, көкөніс және бақша дақылдары да өсірілуде.

Қазіргі таңда дәнді дақылдардың 13 862 гектары, яғни алқаптың негізгі бөлігі жиналды. Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрап отыр.

Егін жинау жұмыстары барысында негізгі дақылдар бойынша мынадай нәтижелер тіркелді:

* бидай – 4 695 гектар жиналды, өнімділігі 17,4 ц/га, жалпы түсім – 8 153,5 тонна;
* арпа – 7 217 гектар жиналды, өнімділігі 16,9 ц/га, жалпы түсім – 12 216,1 тонна;
* сұлы – 740 гектар жиналды, өнімділігі 16,6 ц/га, жалпы түсім – 1 230 тонна;
* күздік дақылдар – 1 210 гектар жиналды, өнімділігі 10,3 ц/га, жалпы түсім – 1 248 тонна.

Аудандағы шаруа қожалықтары ауа райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып, егінді ысырапсыз жинауға барынша күш салуда. Науқанға қажетті ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылып, жиын-терім жұмыстары белгіленген мерзімде жүргізілуде.

Бірқатар шаруашылық жоғары өнімділік көрсеткіштерін көрсетіп отыр. Диқандардың айтуынша, егін жинау науқанын уақытылы әрі сапалы өткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.

Жалпы, Алға ауданында биылғы егін жинау науқаны жоспарға сәйкес жалғасуда. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ұйымшылдығы мен тынымсыз еңбегі – мол өнімнің негізгі кепілі.