Байғанин ауданында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Байғанин ауданында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

 

Байғанин ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою және бүлінген нысандар мен мүлікті қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Арнайы комиссия жүргізген бағалау жұмыстарының қорытындысы бойынша бүгінгі күнге дейін 220 тұрғынға келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы төленді.

Сонымен қатар, төтенше жағдай салдарынан қайта салуды қажет еткен 73 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Аудандағы барлық әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер мен балабақшалар тамыз айында қажетті жөндеуден өткізіліп, 1 қыркүйектен бастап қалыпты жұмысын бастады.

Қазіргі уақытта дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Жастар ресурстық орталығының ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Арнайы комиссия тұрғындардан түскен өтініштерді қарап, келтірілген залалды бағалау және тиісті өтемақы төлеу мәселелері бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Төтенше жағдай салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары Ақтөбе облысының басшылығының бақылауында.