Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары: қазақ күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары: қазақ күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

 

Ақтөбеде өтіп жатқан Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары аясындағы қазақ күресінен жарыстар өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған бәсекеде жас балуандар ұлдар және қыздар арасында 18 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, бозкілемде тартысты белдесулер өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ жалпыкомандалық есептің үздік үштігі анықталды.

Жалпыкомандалық есеп:

I орын - Түркістан облысы

II орын - Қызылорда облысы

III орын - Жетісу облысы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Барлық жас спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!