Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 30 11 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 30 11 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

29.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 3 жағдай тіркелді, оның 1-інің клиникалық симптомдары бар, ал 2-і – симптомсыз ауру.  Ақтөбе қаласында 2 жағдай(жергілікті жағдайлар), Мұғалжар ауданында 1 жағдай(жергілікті). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3484 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1699) және 51%-ы симптомсыз (1785) жағдай. 3319 (95,2%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2476 жағдай, оның ішінде (1110 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 97 (77), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 86 (47), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 125(67), Шалқар ауданы – 113 (64).

Жалпы тіркелген 3484 науқастың 3,3% (118) сырттан әкелінген, 14% (491) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,5% (2875) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,5% (994) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 276 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.