«Ақтөбе» ӘКК БҰҰ Жаһандық шартына қосылды

«Ақтөбе» ӘКК БҰҰ Жаһандық шартына қосылды

 

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ БҰҰ-ның Жаһандық шарты - жауапты қызмет пен тұрақты даму қағидаттарын ұстанатын ұйымдарды біріктіретін халықаралық бастамаға қатысушы қатарына қосылды.

Бұл корпорацияның жауапты басқару, іскерлік этика және экологиялық жауапкершілік мәселелерін қамтитын БҰҰ Жаһандық шартының 10 әмбебап қағидатына адалдығын растайды.

Сонымен қатар, бастамаға қатысу БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы 17 мақсатын қолдауды көздейді. «Ақтөбе» ӘКК үшін бұл корпорация қызметіне жауапты басқару қағидаттарын одан әрі енгізуді және өңір үшін әлеуметтік әрі экономикалық маңызы бар жобаларды іске асыруды білдіреді.

Әлеуметтік облигациялар шығару — осы бағыттағы жұмыстардың бірі. Тартылған қаражат Ақтөбе облысындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылу «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына өңірді дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру барысында тұрақты даму мен жауапты басқарудың халықаралық тәсілдерін ескеруге мүмкіндік береді.

БҰҰ-ның Жаһандық шартына әлемнің ірі халықаралық және қазақстандық компаниялары қатысады. Олардың қатарында AB Volvo Group (Швеция, машина жасау), Nokia Corporation (Финляндия, телекоммуникациялар), Coca-Cola Hellenic (Швейцария), сондай-ақ қазақстандық компаниялар — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Freedom Bank Kazakhstan» АҚ бар.